• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Саясат 14 Қазан, 2022

ТМД мемлекет басшылары терроризмге қарсы күрес бағдарламасын қабылдады

392 рет
көрсетілді

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің басшылары Астанадағы кездесуде қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Саммитте қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мемлекет басшылары 2023-2025 жылдарға арналған терроризм мен экстремизмге қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық бағдарламасын бекітті», деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Мұхтар Тілеуберді.

Оның айтуынша, ТМД Мемлекет басшылары кеңесі отырысының тағы бір құжаты климаттық күн тәртібіндегі елдердің бірлескен іс-қимылдарының маңыздылығын атап өткен климат саласындағы ынтымақтастық туралы мәлімдеме болды.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысының қорытындысын жариялаған болатын.