• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Қазан, 2022

Павлодардағы мектептердің бірінде болған жанжал тексерілуде

380 рет
көрсетілді

Полиция Павлодардағы мектептердің бірінде болған жанжал фактісі бойынша тексеру жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

«14 қазан күні сағат 17.26-да Павлодар қаласының полициясына Ткачев көшесінде орналасқан мектептің оқушылары арасындағы жанжал фактісі бойынша хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері үзіліс кезінде сағат 16.35-те баспалдақ алаңында 7-ші және 8-ші сыныптардың (2008 және 2009 жылы туған) екі оқушысы арасында иық соқтығысуына байланысты жанжал туындағанын анықтады. Кәмелетке толмағандардың бірі екіншісінің беті мен желке аймағына кеңсе пышағымен дене жарақатын салған, сондай-ақ өзінің оң қолының саусақтарын жарақаттаған», деп хабарлады Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Арай Төлемісова.

Кәмелетке толмағандар ауруханаға жеткізіліп, тексеруден кейін екеуі де үйге амбулаториялық негізде жіберілген.

Жәбірленушінің ата-анасы арыз беруден бас тартты.

Дене жарақатын келтірген оқушының заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.