Өткен тәулікте елімізде 36 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16 қазандағы мәлімет бойынша, 980 адам коронавирус инфекциясынан (–848+ және 132 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 107 пациент стационарда, 873 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
2 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.