• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қазан, 2022

Атырау облысының қаржы басқармасына басшы тағайындалды

1542 рет
көрсетілді

Атырау облысы әкімінің өкімімен облыстық қаржы басқармасы басшысы болып Мейіржан Мұқасов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мейіржан Жолдасұлының үш жоғары білімі бар. Атырау аграрлы-техникалық колледжін,  Атырау мұнай және газ университетін «Жерге орналастыру», Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Құқық», Мәскеу экономикалық университетін «Экономика» мамандығымен бітірген.

Еңбек жолын Атырау қалалық әкімдігінде бастаған. 2013-2015 жылдары Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің маманы, бас маманның міндетін атқарушы, 2015-2016 жылдары қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік  жолдары бөлімінің тұрғындармен қарым-қатынасты үйлестіру секторының, 2016-2018 жылдары қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің тұрғын үй секторында бас маманы болған.

2018 жылы «УК СЭЗ «НИНТ» АҚ-да менеджер, Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің мемлекеттік сатып алу және жоспарлау секторы меңгерушісінің міндетін атқарушы, 2018-2019 жылдары қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің  мемлекеттік сатып алу және жоспарлау секторының басшысы болып жұмыс істеген.

2019-2020 жылдары қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары, 2020 жылғы маусымнан бері Атырау қалалық қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.