• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Оқиға 18 Қазан, 2022

Алматыдан 77 шақырым жерде жер сілкінді

132 рет
көрсетілді

Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 77 шақырым жерде Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.0. MPV магнитудасы - 3,5. Эпицентр координаттары - 42,85° солтүстік, 77,73° шығыс. Тереңдігі - 5 км.

Жер сілкінісінің сезілгені жайлы мәлімет тіркелмеген.