• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Өнер 18 Қазан, 2022

Малайзияда Димаш Құдайбергеннің концерті өтеді

232 рет
көрсетілді

Димаш Құдайберген Малайзия астанасы Куала-Лумпурда жеке концертін ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақашасында жариялады.

Ән кеші Куала-Лумпурдағы Axiata Arena Bukit Jalil аренасында өтеді. Концерт 19 қараша сағат 20:30-да басталады деп жоспарланған. Әлемнің түкпір-түкпірінен келетін жанкүйерлер үшін билеттерді 21 қазан сағат 11:00-де Ticket2U сайтында сатыла бастайды. 

Айта кетейік, Димаш Құдайберген жуырда ғана Алматы қаласында жеке концертін өткізген еді.