• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Оқиға 18 Қазан, 2022

Сәтбаев қаласында атыс болды

270 рет
көрсетілді

Сәтбаев қаласының орталығында атыс болып, бір адам жараланды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бүгін Сәтбаев қаласындағы «Ұлытау» сауда орталығының алдында атыс болды. Белгісіз біреу 24 жастағы жігітті жаралаған. Нәтижесінде ол ауруханаға жеткізілді.

«Жараланған жігіт 1998 жылғы азамат екені анықталды. Ол Жезқазған қаласындағы облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Оқ оң жақ санына тиген, сонымен қоса арқасынан, екі жауырынның арасына пышақ сұққан. Жігіттің алған жарақаттарымен хирургтер айналысуда», деді Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасынан.

Оқиғаға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Тәртіп сақшылары мән-жайды анықтауда.

«Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», деп хабарлады Ұлытау облыстық ПД баспасөз қызметі.