• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 19 Қазан, 2022

«Иілгіш шеге» – озық технология

307 рет
көрсетілді

Профессор Х.Мақажанов атындағы көп­бе­йінді Қарағанды ауруханасындағы бала­лар­дың ортопедия бөлімінде жарты жылда 385 шұғыл операция жасалды. Бұдан бөлек, 160 балаға жоспарға сай операция сәтті өтті.

Балаларға медициналық көмек МӘМС есе­бінен тегін жасалады. Ал 2011 жылдан бері хирургтер «иілгіш шегелер» немесе ТЭН арқылы остеосинтез технологиясын қолданып келеді. Бұл шегелер жамбас сүйек, иық, жіліншік, бұғана сынғанда тиімділігін көрсетті.

Технологияның ерекшелігі – сынған сүйек­терді тура сәйкестендіріп, арнаулы сым-шеге арқылы бекітетінінде. Шеге сүйек әбден жа­зылғанда ғана барып алынады. Бұл технология науқастың ауруханада жатып, емделу мерзімін кемітті. Бұрын осы тектес сынықтармен аурухана төсегіне таңылу 4 аптаға созылса, енді 5 күнде үйіне шығады.

– Мұндай технология 12-13 жасқа дейінгі балалардың жілік секілді сүйектерінің диафиздік сынықтарын емдеудің озық жолы деп есептейді мамандар. Бала операциядан соң ауруханада 5 күн ғана болады. Сүйектің қайыра орнынан қоз­ғалып кетуіне жол бермейді. Бірнеше рет рентгенге түсіру қажеттілігі де жоқ. Тағы бір артықшылығы – сүйек орнына келіп, бекітілген соң науқастар отырып, тұрып, қозғала алады, – дейді балалар ортопедиясы бөлімінің меңгерушісі Шолпан Мұқашева.

Бүгінде ауруханада жатқан жамбас сүйегі сынған ең кішкентай науқас 1 жастан 3 ай асқан сәби екен.

Ойнап жүріп жамбасын сындырған балалар да жиі кездеседі. Бөлімшедегі пациенттердің бірі – 12 жаста. Оның сол жақ жамбас сүйегіне ТЭН орнатылыпты. Сүйек сынған кезде орнынан жылжып кеткен. Ота кезінде сынық сәйкестендіріліп бекітілді. Бірер күнде ауруханадан шығады, дейді дәрігерлер.