• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Қазан, 2022

Мәжіліс амнистия туралы заңды мақұлдады

502 рет
көрсетілді

Мәжіліс 2022 жылдың 4-7 қаңтар аралығында қылмыстық құқық бұзушылық жасағандарға рақымшылық жасау туралы заңды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қылмыстық құқық бұзушылықтар, онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстар жасаған тәртіпсіздіктерге қатысушыларға қатысты қылмыстық істер тоқтатылады, олар үшін сотталғандар жазадан босатылады, ал жазасын өтегендердің соттылығы алынып тасталады», делінген комитеттің Заңнама және сот-құқықтық реформа туралы қорытындысында.

Ауыр қылмыс жасағандардың жазасы сот тағайындаған мерзімнің төрттен үшiне, аса ауыр қылмыстар үшін - екi есеге қысқартылады.

Ал террористік, экстремистік, сыбайлас жемқорлық, мемлекетке опасыздық жасау, жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру, азаптау сынды қылмыс жасағандар бұл амнистияға ілінбейді.