• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Президент 20 Қазан, 2022

Тоқаев Жетісу облысындағы бірқатар мәселелерді шешуді тапсырды

206 рет
көрсетілді

Президент Жетісу облысындағы бірқатар мәселелерді шешуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Жетісу облысындағы су және газ мәселесіне тоқталып өтті. Сондай-ақ сол мәселені ұзаққа созбай, шешуді тапсырды.

«Тағы бір маңызды мәселе. Бұл – ауыз судың сапалы болуын қамтамасыз ету. Мысалы, Текеліде жылдар бойы жалғасып келе жатқан түйткілді бәріңіз жақсы білесіздер. Қала тұрғындары таза ауыз сусыз отыр. Бұл мәселені ұзаққа созбай шешу керек. Облыс және қала әкімдері аталған тапсырманың орындалуына тікелей жауапты. Үкімет республика бюджетінен алдағы жылы қаржы бөлу мәселесін қарастыруға тиіс», деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев келесі маңызды бағыт – өңірді газбен қамтамасыз ету екенін, бұл шара халықтың жайлы өмір сүруіне, тұрмыс сапасын жақсартуға әсер ететінін атап өтті. 

«Жетісу халқының 90 пайызы сумен қамтамасыз етілген. Алайда, су құбыры желілерінің едәуір бөлігі (яғни, 37,5%) әбден тозған. 1,2 мың шақырым құбыр желісі күрделі жөндеуді қажет етеді. Сондықтан, өңірдегі құбыр желілерін кезең-кезеңімен жаңарту – әкімдіктің басты міндетінің бірі. Құрылыс жұмыстарын қатаң бақылауда ұстау керек», деді Президент Жетісу облысындағы жұмыс сапары барасында.