• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Президент 20 Қазан, 2022

Балқаштың туристік әлеуеті артады

220 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысының жұртшылығымен кездесуі барысында өңірдің туристік әлеуетін арттыратын жобалар жайлы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстанда көрікті жерлер өте көп. Осыны ұтымды қолдануымыз керек. Жетісу облысының әкімдігі туризмді дамытуға айрықша мән беруі қажет. Әсіресе, Алакөл мен Балқаштың орасан зор әлеуеті бар. «Алтынемел» және «Жоңғар Алатауы» ұлттық паркі – экологиялық туризмді дамыту үшін таптырмайтын жер. Текелідегі әйгілі Шажа және Қора сайлары керемет көріністерге толы. Міне, осының бәрі – тұнып тұрған байлық», деп атап өтті Президент.

Мемлекет басшысы өңірге туристерді көптеп тарту үшін тиісті инфрақұрылым салып, қолайлы жағдай жасау керек екенін айтты. Алайда, бұл – оңай шаруа еместігін де атап өтті.

«Жетісудағы ұлттық парктерде құны 3 миллиард теңгеден астам инвестициялық жобалар жүзеге асырылмақ. Оған ірі инвесторлар тартылды. Қорықтарға апаратын жолдар жөнделіп жатыр. Мұнда Орталық Азиядағы ең биік «Бұрхан бұлақ» сарқырамасына сай ішімен баратын жол салынады. Үшарал қаласындағы әуежайдың ұшып-қону жолағы жөнделді», деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, өткен екі жылда Алакөлде инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бюджеттен 16 миллиард теңге бөлінді.

«Көлдің жағасында кәріз желісін салу үшін құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Балқаштың туристік әлеуетін арттыру үшін бірнеше жоба қолға алынды», деп қосты Қасым-Жомарт Тоқаев.