• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Президент 20 Қазан, 2022

Әр азамат өз сөздері мен іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті сезінуі керек - Президент

565 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мемлекет басшысы Жетісу облысының жұртшылығымен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Елімізде қабылданып жатқан бастамаларда Ұлттық құрылтай маңызды рөл атқаруға тиіс, ол өзін жалпыұлттық диалогтың әмбебап алаңы ретінде көрсетті. Бұл институттардың қызметі билік пен қоғамның серіктестігі негізінде халқымыздың бірлігін нығайтуға мүмкіндік береді», деді Президент.

Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір азамат өз сөздері мен іс-әрекеттері үшін жауапкершілік алуы керек екенін айтты.

«Мұндай жағдайда әрбір азамат өз сөздері мен іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті сезінуі керек. Бұл, ең алдымен, қоғамдық тұлғаларға, саясаткерлерге, журналистерге, блогерлерге қатысты. Абайсыз айтылған сөздер мен асығыс мәлімдемелер күтпеген салдарға әкелуі мүмкін», деп қосты Қасым-Жомарт Кемелұлы.