• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 20 Қазан, 2022

Павлодар облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші қаза тапты

222 рет
көрсетілді

Оқиға 20 қазан сағат 2.00-де Шарбақты - Успенка автожолында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Аudi 80 автокөлігінің 66 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, кюветке түсіп кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды», деп жазылған Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Полиция автокөліктің арнайы айып тұрағына қойылғанын айтты. Тексеру жүргізілуде.