Халықаралық «KADEX-2014» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесінің аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында әскери-техникалық, ғарыштық және әлеуметтік салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері жөнінде әңгіме өрбіді.
Вице-премьерлер Қазақстан сынақ полигондарын пайдалану және «Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдалану жөніндегі «Жол картасын» іске асыру, сондай-ақ, Байқоңыр қаласын, Ақай және Төретам елді мекендерін дамыту мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара әріптестіктің барлық бағыттары бойынша ынтымақтастықты әрі қарай тереңдету қажеттілігін атап көрсетті.