• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
24 Мамыр, 2014

Көңіл айту жеделхатын жолдады

225 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Үрімші қаласында болған террорлық оқиғаға байланысты Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Жеделхатта Нұрсұлтан Назарбаевтың Үрімші қаласында 22 мамырда болған террорлық оқиға салдарынан көптеген кінәсіз жандар құрбан болғаны және зардап шеккені туралы қайғылы хабарды күйзеле қабылдағаны айтылады. Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге, сонымен қатар қаза тапқандардың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейді. «Қазақстан елдеріміздің бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қазіргі заман қауіп-қатерлеріне қарсы күресте Қытаймен тығыз ынтымақтастыққа әрқашан дайын екендігін атап айтқым келеді», делінген жеделхатта