• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 21 Қазан, 2022

Оппозиция үміті

209 рет
көрсетілді

Орталық сайлау комиссиясының отырысында Нұрлан Әуесбаевты Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркеу мәселесі қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойын­ша Орталық сайлау комис­­сиясының мүшесі  Сәби­ла Мұстафина баяндама жа­са­ды. Ол 2022 жылдың 7 қа­за­нында Орталық сайлау ко­мис­сия­сына «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» республикалық қоғамдық бірлестігі Нұрлан Әуесбаевты Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат етіп ұсынуға қатысты құжаттарды тапсырғанын хабарлады. Ор­талық сайлау комиссиясына кандидатты тіркеу үшін мынадай құжаттар ұсынылды:

– Нұрлан Әуесбаевтың және оның зайыбының активтер мен міндеттемелер жөнінде декларация тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;

–  тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың жоқтығы туралы медициналық қорытындысы;

– облыстардың, респуб­ли­ка­­лық маңызы бар қалалар­дың және Республика астана­сы­ның аумақ­тық сайлау комиссия­ларының Нұр­лан Әуесбаевты қолдап жина­ған азаматтардың қолдарын тексеру нәтижелері туралы хаттамалары.

Аталған хаттамаға сәйкес Нұр­­лан Әуесбаевты қолдау мақ­са­тын­да еліміздің 15 өңірін­дегі 120 908 азаматтың қолы жинал­ды. Тек­серу нәтижесінде 119 197 қол­дың дұрыстығы анық­талды, яғни қажетті саны, кемінде 1% немесе 118 273 қамтамасыз етілді.

Нұрлан Әуесбаевты прези­денттікке кандидат ретін­де тіркеуге қажетті барлық құжат­тар Орталық сайлау комис­­сия­сына ұсынылды және олар­ға қойылатын талаптарға толық сәйкес келеді. Орталық сай­лау комиссиясының қаулы­сы­мен Нұрлан Әуесбаев 2022 жылғы 20 қарашаға тағайын­далған Қазақстан Республика­сының Президентінің кезек­тен тыс сайлауында Қазақ­стан Республикасының президент­тігіне кандидат болып тіркелді, оған тиісті куәлік берілді.