• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Қазан, 2022

Қайсардың қарсыласы – Гарсия

277 рет
көрсетілді

Әлемнің ең белді ұйымы UFC-де күш сынасып жүрген Қытайда туып-өскен қандасымыз Мақсат Қайсар өзінің келесі жекпе-жегін 17 желтоқсанда өткізеді.

 

23 жастағы Мақсат өз кездесулерінің денін Қытай еліндегі WLF W.A.R.S. про­мо­ушенінде өткізді. Осыдан дәл бір жыл бұрын кана­далық Ахиллес Эстремадураны жеңген ол UFC-де өнер көрсету құқығына ие болды. Биыл жазда қазақтың қайсар ұлы Сингапурде ұйым­дастырылған жарыста америкалық Стив Гарсияны бірінші раунда ұрып жығып, сан миллион көрерменнің қошеметіне бөленді. Аралас жекпе-жектен барлығы 10 кездесу өткізген Мақсат Қайсар соның тек біреуінде ғана жеңілістің кермек дәмін татты. Келесі бәсекесін ол Рафа Гарсияға қарсы өткізеді. 28 жастағы Мексиканың тумасы 2014 жылдан бері осы спорт түрімен шұғылдануда. Сол аралықта 16 рет октагонға шыққан Гарсия 13 рет жеңіс тойын тойлап, тоғыз кездесуін мерзімнен бұ­рын аяқтады.