Әулиекөлде 91 тұрғын үй пайдалануға дайын. Олардың барлығы электрмен, газбен, сумен және интернетпен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Отандық телеарналардың бірі хабарлағандай, жаңа ауданда асфальттың төменгі қабаты төселді. Құрылыспен 16 мердігер ұйым айналысқан. Сонымен қатар зардап шеккен барлық отбасылар қоғамдық қорлардан материалдық және гуманитарлық көмек алды.
Қыркүйек айының басында Қостанай облысының Әулиекөл ауданында ірі өрт болды. Өрт 43 мың гектардан астам аумақты қамтыды. Өрт басталғаннан бері барлығы 2091 адам эвакуацияланды.