• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Бокс 21 Қазан, 2022

Қазақстандық боксшы Германияда жекпе-жек өткізеді

237 рет
көрсетілді

Universum Boxing бокс ұйымы қазақстандық былғары қолғап шебері Жан Кособуцкий (18-0, 17 КО) мен германиялық Хуссейн Мухамед (17-0, 14 КО) арасындағы жекпе-жектің өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Vesti.kz порталы 10 раундқа жоспарланған айқас Германияның Оберхаузен қаласында 5 қараша күні өтетіні туралы жазды.

Кособуцкий өзіне тиесілі WBC International белбеуін қорғайды.

«Нокаутшы Жан Кособуцкий WBC International белбеуін қорғайды. Бұл бокс кеші Германияда Кличко заманынан бері суперауыр салмақтағы ең үлкен айқастардың бірі болмақ», деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, осыған дейін Жан Кособуцкий түркиялық Умут Чамкаринмен (18-0, 17 КО) қолғап түйістіруі тиіс еді. Алайда соңғы сәтте келіссөздер нәтижесі сәтсіз аяқталды.