К-700 тракторының қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы 20 қазан күні Кербұлақ ауданы Шаған ауылында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Тракторды 51 жастағы ер адам басқарған. Ол Қонаев көшесінде рульге ие бола алмай, көліктің аударылып кетуіне жол берген. Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды», деп жазылған хабарламада.
Аталған факті бойынша қажетті сараптамалардың тағайындалуымен тергеу амалдары жүргізілуде.