• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Мамыр, 2014

Байдаланың мектебі жабылмайды

386 рет
көрсетілді

Газетіміздің 14 мамыр күнгі санында «Байдаланың бағын бай­ламайық» атты мақала жариялан­­ған болатын. Онда облыс орталы­­­­ғына қарасты Байдала ауылында 700 адам тұратыны, 50 жылдық тарихы бар бастауыш мектептің жабылуына орай реніш білдірген адамдардың арыз-шағымдары айтылған еді. Ауыл толы – бала-шаға. Осыған қарамай шенеуніктер асханасы, дәретханасы жоқ деп мектепті жаппақ болды. 2009 жылы Байдалада облыс орталығының бас жоспары бойынша мектеп салынуы керек еді. Ауыл қалаға қарайтын болған. Бірақ қозғалыс болмады. Енді, міне, балалары үшін мұңайып, уайымды күй кешкен ауылдықтарға қуанышты хабар да жетті. Мақалаға орай, бізге облыстық білім басқармасының бастығы Бақыт Бексейітова былай деп жауап берді: «№2 Кенжекөл бас­тауыш мектебінің жаңа талапқа сай келмейтіні рас, екіншіден, алдағы уақытта Байдалаға жақын Кенжекөл ауылында 600 орындық жаңа мектеп салынады, тасымалмен барып оқу үшін қалалық әкімдік бюджет қаражатынан автобус алуға ақша бөлер еді. Бірақ, ең бастысы, біз Байдала ауылы тұрғындарының басым көпшілігі қолдайтын ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, №2 бастауыш мектептің жабылмайтынын хабарлаймыз». Ал, біз өз тарапымыздан жаңа­дан келіп жатқан қала әкімі Бо­лат Бақауовқа бұл жерге оралман ағайындар көші келе жатыр. Сондықтан, Байдалаға жол, мектеп, балабақша салып, су жеткізіп, клубты жөндеп берсе деген тұрғындар өтінішін тағы да жеткізгіміз келеді. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан». Павлодар облысы, Байдала ауылы.