• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Қазан, 2022

Биыл 13 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

182 рет
көрсетілді

2022 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 13 362 этникалық қазақ тарихи Отанына оралып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1991 жылдан бері республикаға барлығы 1 миллион 101,2 мың этникалық қазақ оралды. Биылғы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастарымыздың жартысынан көбі (68,7%) Өзбекстаннан, 10% Қытайдан, 7,9% Түркіменстаннан, 4,6% Моңғолиядан және 8,8% басқа елдерден болды.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (29,9%), Маңғыстау (16,7%), Түркістан (9%), Жамбыл (6,5%) облыстарына, сондай-ақ Астана (7,8%), Алматы (5,8%), Шымкент (7,3%) қалаларына қоныстанған.

Биылғы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша еңбекке жарамды жастағы этникалық көшіп-қонушылардың саны 58,7%, еңбекке жарамды жастар 27,5% және зейнеткерлер 13,7% құрайды.

Еңбекке жарамды жастағы қандастарымыздың білім деңгейі бойынша 13,2% жоғары, 38,9% орта арнаулы, 46% жалпы орта білімді, 1,8% білімі жоқ.