• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Оқиға 22 Қазан, 2022

Мемлекеттік қорық аумағында балық аулаған ер адам ұсталды

353 рет
көрсетілді

Ақмола полицейлері мемлекеттік қорық аумағында балық аулаған ер адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

21 қазанда Қорғалжын мемлекеттік қорығының аумағында Есей көлінің маңында 22 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы Mitsubishi автокөлігі тоқтатылды.

Автокөліктің багажын тексеру кезінде полиция қызметкерлері 2 қап балық пен 2 резеңке қайық тауып алды.

«Полиция бөлімі бұл фактіні ҚР ҚК-нің «Балық ресурстарын заңсыз өндіру» бабы бойынша тіркеді, тексеру жүргізілуде», деп жазылған ІІМ таратқан ақпаратта.