22 қазан күні сағат 15:00 шамасында Сағыз - Миялы облыстық тас жолында Toyota Ipsum және Lada Granta автокөліктері соқтығысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Toyota Ipsum көлігінің 3 жолаушысы және Lada Granta автокөлігінің 2 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. 3 адам түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізген.
«Полиция қызметкерлері оқиға орнында қызмет атқаруда. Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу басталды», деді Қызылқоға аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Бауыржан Макеев.