• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Қазан, 2022

Ақпарат министрлігі Meta және TikTok компанияларымен жұмыс істеуге ниетті

338 рет
көрсетілді

Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мeta және TikTok сияқты жаһандық компаниялармен тығыз жұмыс істеуге ниетті. Бұл туралы ведомство басшысы Дархан Қыдырәлі Astana Media Week іс-шарасында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгінгі іс-шараға Мeta және TikTok жетекші компанияларының жауапты өкілдері қатысып жатыр. Біз осы ірі компаниялармен тығыз жұмыс істейтін боламыз. Meta Қазақстанда өз өкілдігін ашуға, ал TikTok кеңсесін ашуға ниетті», деді Дархан Қыдырәлі AMW панельдік сессиясы барысында.

Ведомство басшысы Facebook әлеуметтік желісінің шамамен 3 миллиард пайдаланушысы бар екенін хабарлады. Министрдің пікірінше, Facebook - Мeta компаниясы иелік ететін әлемдегі ең ірі әлеуметтік желі, бүгінде ол қоғамдық пікірді қалыптастыратын маңызды құрал.

Дархан Қыдырәлі сондай-ақ TikTok 2021 жылы ең көп жүктелген мобильді қосымшаға айналғанын атап өтті.