Балалардың қатысуымен болатын өрт оқиғалары азаймай тұр. Әсіресе мектеп демалысы кезінде жағымсыз жағдайлар жиі тіркеледі. Егер өрттің себебі ата-аналардың балаларды дұрыс қадағаламауы себебінен туындаса, бұл үшін заңда жаза қарастырылғанын естен шығармаған жөн.
Балалардың отқа деген қызығушылығы ересектерге еліктеуден басталатынын бәрі біледі. Балалар сіріңкемен ойнайды, от жағады. Өкініштісі сол, мұндай әрекеттер пәтер, баспалдақ, жертөле сияқты тұтанса, жалын тез жалмайтын орындарда жиі кездеседі.
Балаға сіріңкемен ойнауға болмайтынын айту жеткіліксіз, сендіру керек. Сіріңкелер мен өзге де тұтандырғыш заттарды, сондай-ақ өрт тұрғысынан аса қауіпті бұйымдарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау және мүмкіндігінше балаларды ұзақ уақыт қараусыз қалдырмау маңызды. Баланың өртке қарсы қызметтің «101» телефон нөмірін білуі артық етпейді.
Тәжірибе көрсеткендей, білім беру мекемелерінде жүргізіліп жатқан өрт қауіпсіздігі саласындағы профилактикалық жұмыс отбасының қатысуынсыз барынша тиімді нәтиже бере алмайды. Сондықтан біз ата-аналарды балаларына мұқият болуға шақырамыз. Мүмкін болатын қайғылы жағдайдың алдын алу үшін бәріміз өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауымыз керек. Өрттің алдын алумен айналысатын мектептің, отбасының және мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің бірыңғай тәсілімен ғана оң нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Қайрат АСҚАРОВ,
Астана қаласы ТЖД Есіл ауданы ТЖБ-нің аға инженері,
азаматтық қорғау капитаны