Өткен тәулікте коронавирустың 34 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар 28 қазандағы мәлімет бойынша, 766 адам коронавирус инфекциясынан (–624+ және 142 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 80 пациент стационарда, 686 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
2 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.