• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Қазан, 2022

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілдері тағайындалды

296 рет
көрсетілді

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованың өкімімен «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Заңға сәйкес бірқатар облыста, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында омбудсменнің өкілдері тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарында, Алматы, Астана және Шымкент қалаларында адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдері жұмысқа кірісті. Сондай-ақ Жамбыл, Жетісу, Павлодар, Атырау, Маңғыстау облыстарында конкурстық іс-шаралар жалғасып жатыр.

Биыл уәкілдің өкілдіктері Қазақстанның 17 өңірінде жұмыс істейді.. Тағы 3 облыста (Ұлытау, Абай және Алматы) өкілдіктер тиісті рәсімдер аяқталғаннан кейін 2023 жылы ашылады.

Өкілдер «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тағайындалады.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілінің лауазымы Қазақстанның бүкіл аумағында адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік қорғаудың қосымша кепілдіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ уәкілге өз құқықтарын, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын азаматтарды қорғау үшін жүгінуді қолжетімді ету мақсатында құрылған.

Өкілдерге Қазақстан Республикасының азаматтары және оның аумағындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар немесе олардың өкілдері жүгіне алады.