• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Қазан, 2022

Елордада ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысы басталды

185 рет
көрсетілді

Осы сәтте Астанада ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысы шағын форматта өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің ресми парақшасына сілтеме жасап.

Іс-шараны ашқан Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қазақстан ТМД шеңберіндегі өзара тиімді әріптестікті тереңдету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға беретінін атап өтті.

«Бүгінгі күрделі жағдайда Достастықтың жұмысы бір орында тұрған жоқ, ынтымақтастық үшін жаңа бағыттар қарастырылуда», деді кеңестің жиналысында.

Сондай-ақ Премьер-Министр ТМД Атқару комитетінің төрағасы – атқарушы хатшысы Сергей Лебедевті келесі үш жылдық кезеңге тағайындалуымен құттықтады.

Шағын форматтағы отырыста қатысушылар экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылап, аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасады.