• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Қазан, 2022

ТМД елдерінің ойындары Беларусь Республикасында өтеді

302 рет
көрсетілді

Беларусь Республикасының Премьер-министрінің орынбасары Игорь Петришенко Беларусь ТМД елдерінің ІІ ойынын өткізуге толық дайын екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ТМД спортты дамыту, спорттық резервті дайындау және елдеріміздің азаматтары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін күш-жігерді біріктіруге мүмкіндік береді», деді Игорь Петришенко ТМД отырысында сөйлеген сөзінде.

Сондай-ақ алғашқы ойындар 2021 жылдың  қазан айында сәтті өткенін атап өтті.

«ТМД дене шынықтыру және спорт жөніндегі кеңесінің отырысында ІІ спорт ойындарын 2023 жылы Беларусь Республикасында өткізу туралы шешім қабылданды. Елімізде бірнеше рет жоғары деңгейдегі спорттық іс-шаралар өткізілді, олардың ішіндегі ең ірісі: 2014 жылғы шайбалы хоккейден  әлем чемпионаты және 2019 жылғы II Еуропа ойындары», деді Игорь Петришенко.

Беларусьте өтетін кезекті ойындар 2023 жылдың 4-14 тамызына жоспарланған.

«Беларусь бұл жарыстарды ұйымдастыруға толық дайын, барлық қажетті спорттық және тиісті инфрақұрылымдар бар. Ойындардың тұжырымдамасында еліміздің барлық облыстарының 9 қаласында спорттың 21 түрінен спорттық іс-шаралар өткізу көзделген», деп қосты Игорь Петришенко.