ТМД Атқару комитетінің төрағасы Сергей Лебедев Қазақстан әрқашан ТМД аясындағы көпжақты ынтымақтастықтың бастамашысы және локомотиві болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Биыл үкімет басшылары кеңесінің отырысын сәтті өткізуге және Қазақстан Республикасының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына табысты төрағалық етуіне жоғары баға бергім келеді. Біздің қазақстандық достарымыздың төрағалығымен қонақжай Қазақстан жерінде де, одан тыс жерлерде де көптеген маңызды іс-шаралар өткізілді», деді Сергей Лебедев Астанадағы ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысын қорытындылап.
Ол Қазақстан әрқашан ТМД аясындағы көпжақты ынтымақтастықтың бастамашысы және локомотиві болғанын атап өтті.
«Қазақстанның төрағалығы аясында табысты іске асырылған бастамалар ұсынылды», деп қосты С.Лебедев.