• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Білім 29 Қазан, 2022

Қазақстанда 500-ден астам «Жайлы мектеп» салынады

361 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда жаңа форматтағы мектептер мен ауданаралық емханалар салу жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазір «Жайлы мектептер» жобасы жүзеге асырылуда. Алдағы үш жылда біз жаңа форматтағы 500-ден астам мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Мемлекет оларға бюджеттен 2,6 трлн теңге бөледі. Сондай-ақ 32 ауданаралық емхана ашылады. Қағида өте қарапайым - біз кез келген науқасты осы аудандық емханаға бір сағат ішінде жеткізуіміз керек», деді Серік Жұманғарин Қостанай облысының жұртшылығымен және бизнес-қоғамдастығымен кездесуде.