• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Ауа райы 29 Қазан, 2022

Бірқатар өңірде жауын-шашын күтіледі

342 рет
көрсетілді

Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа-райы тұрақсыз болып, жауын-шашын күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ның 2022 жылғы 30 қазанға арналған ауа райы болжамында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

«Тек Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, жел күшейеді деп күтілуде», делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Сондай-ақ синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қандай ауа-райы болатынын айтты.

Астанада ауыспалы бұлттылық, күндіз – аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжануда.

Алматыда күннің екінші жартысында жаңбыр жауады деп күтілуде.

Шымкентте ауыспалы бұлт, жаңбыр, таңертең және түстен кейін кейде қатты жаңбыр жауады деп күтіледі.