Біз осы күзде Қазақстанда өз кеңсемізді ашамыз және мемлекетпен жұмыс істеуге әзірміз.
Сауаттылық курстарын өткізуге ниеттіміз. Ендігі жерде Тик-токтағы контент жеңіл-желпі өнім ұсынбай, пайдалы ақпараттар таратады. Қазіргі таңда ақпарат кеңістігінде медиа саласы қарыштап дамып жатыр. Соның дәлелі, енді ақпарат виртуалды форматта жасалып, виртуалды форматта тарайды, яғни жаңа буын виртуалды ақпаратқа қол жеткізе алады. Бүгінде 16-64 жас аралығындағы интернет пайдаланушылардың 63 пайызы интернетті негізінен ақпаратқа жылдам қол жеткізу үшін пайдаланады екен. Осылайша, интернеттегі жаңалықтар мен визуалды контент ақпаратты қабылдаудың негізгі арнасына айналып отыр.
Анастасия ПАНИНА,
Шығыс Еуропадағы TikTok Global Business Solutions директоры