• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Қазан, 2022

Уақыт талабы

302 рет
көрсетілді

Астанада Қырғыз Рес­публикасының мәдениет күндерінің өтуі қос елдің ынтымақтастығын арттыра түскені анық.

Іс-шараның негізгі мақсаты – екі ел арасындағы гуманитарлық байланыс­тарды нығайту. Аталған іс-шарадан бөлек, Astana Media Week 2022 медиа апталығына қатысу бақыты бұйырды. Ақпараттық технология дамыған заманда мұндай ауқымды іс-шараны өткізу – уақыт талабы. Жергілікті журналистермен қатар, шетелдік білікті мамандардың басын қосқан медиа апталық отандық журналистиканың дамуына серпін беретініне сенім мол. Қырғыз халқы Қазақстанда болып жатқан оқиғаларға құлақ түріп жү­реді. Бұл ретте, жалған ақ­параттар таратыл­май, сапалы өнімдердің ұсынылуы маңызды. Қос ел арасында әр саладағы байланыс нығая түседі деген сенімдемін.

 

Алтынбек МАҚСҰТОВ,

Қырғыз Республикасы Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі

Соңғы жаңалықтар