• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Үкімет 31 Қазан, 2022

Әлихан Смайылов Германияның сыртқы істер министрімен кездесті

198 рет
көрсетілді

​​Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов елімізге жұмыс сапарымен келген Германияның сыртқы істер министрі Анналена Бербокпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Германия – Қазақстанның Еуропалық одақтағы маңызды сауда-экономикалық және инвестициялық серіктесі. Осыған байланысты Астана әлемдік экономикадағы жағымсыз факторларға қарамастан, Берлинмен өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін сақтап, әрі қарай нығайтуға ниетті.   Өткен жылы Қазақстан экономикасына тікелей неміс инвестицияларының көлемі 25%-ға артып, $320 млн-нан асты.   «Екі ел арасындағы тауар айналымы да өткен жылы 6%-дан астамға өсіп, $2,2 млрд-ты құрады. Биыл да бұл көрсеткіштер өсіп келеді. «Инвестициялық ынтымақтастықты арттыру және өзара сауда көлемін ұлғайту бойынша айтарлықтай әлеуетіміз бар», деді Әлихан Смайылов.   Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесі ретінде жалпы қуаты 45 ГВт жел және күн электр станциялары мен «жасыл» сутегі өндіретін энергетикалық кешен салу бойынша жоспарланған жобаларды айтуға болады.   Сонымен қатар Премьер-Министр неміс тарапының Астанада Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамының қамқорлығымен Сутегі дипломатиясы кеңсесін ашу бастамасының маңызын атап өтті. Өз кезегінде Анналена Бербок Қазақстанның соңғы жылдары экономикалық және қоғамдық-саяси салалардағы елеулі прогресін атап өтті.   «Екі тарапқа да тиімді болуы үшін экономикалық қатынастарды тең дәрежеде дамыту маңызды деп санаймыз», деді А.Бербок.