• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 31 Қазан, 2022

Жетісу облысында көлік аударылып қалды

347 рет
көрсетілді

Оқиға 30 қазаннан 31 қазанға қараған түні Жетісу облысындағы Кәлпе ауылының маңында болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«31 жастағы ер адам Тельман-Кәлпе тас жолының 8-шақырымында жапондық «Mazda Cronos» маркалы көлікті басқарып келе жатып, оның аударылып кетуіне жол берген. Көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ жол апатынан оның екі жолаушысы зардап шекті, олар түрлі жарақаттармен Үштөбе қаласындағы ауруханаға жатқызылды. Оқиға фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды», деді полиция департаменті.

Тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша жүргізілуде.