• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қазақстан 31 Қазан, 2022

Бейбіт Атамқұлов жаңа қызметке тағайындалды

516 рет
көрсетілді

Бейбіт Атамқұлов Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми парақшасына сілтеме жасап.

«Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды», делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.