• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 31 Қазан, 2022

Бюллетень мәтіні бекітілді

237 рет
көрсетілді

Орталық сайлау комиссиясының президент сайлауын ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөніндегі кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – әрбір сайлау учаскесі бо­йынша тиісті әкім қол қойған сайлаушылар тізімдерін акт бойынша сайлау комиссияларына беру. Бұл туралы өңірлердің, респуб­ликалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының өкілдері баяндады. Олар әрбір сайлау учаскесі бойынша сайлаушылар тізіміне әкім қол қойғанын, оның шешімі бойынша учаске құрылған және 30 қазанда акт бойынша учаскелік сайлау комиссияларына қағаз түрінде, аумақтық комиссияларға электронды түрде ұсынылғанын хабарлады. Бірінші мәселені қоры­тындылай келе, Орталық сай­лау комиссиясының төрағасы Нұр­лан Әбдіров 4 қарашадан бас­тап азаматтарға тиісті сайлау учаскелерінде сайлаушылар тізі­мінде өздерін тексеруге, сондай-ақ басқа сайлау учаскесінде да­уыс беру құқығын беретін есеп­тен шығару куәлігін алуға мүм­кіндік берілетінін хабарлады.

Екінші мәселе – дауыс беруге арналған бюллетень мәті­нін бекіту және олардың дайындалуын қамтамасыз ету. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман баяндама жасады. Ол барлық тіркелген кандидаттардың мемлекеттік тілдің әліпби тәртібімен тегі, аты, әкесінің аты көрсетілгенін және «Бәріне қарсымын» деген жол енгізілетінін хабарлады. Сайлаушылардың жалпы саны –  11 950 485 адамды құрайды. Дәл осы көрсеткіш сайлау комиссия­ларына ұсынылған актілерде көрсетілген. Осылайша, 2022 жылғы 20 қарашаға тағайын­далған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау бюл­летеньдерінің саны, оның ішінде сайлаушылар тізіміне енгізіл­ген сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызын қосқанда 12 069 990 дананы құрайды.

Үшінші мәселе – кезектен тыс президент сайлауына ха­лықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу. Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұх­тар Ерманның мәліметінше, Сыртқы істер министрлігіне төрт халықаралық ұйым мен бес шет мемлекеттен 63 байқаушы акредиттеуге ұсынылған. Оның ішінде: 31 байқаушы ТМД байқаушылар Миссиясының құрамынан, 10 байқаушы – ТМД ПАА-дан, 3 байқаушы – Ислам ынтымақтастығы ұйымынан, 10 байқаушы – ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясынан, 2 байқаушы – Армения, Мажарстан, Молдова, Ресей Федерациясынан және 1 байқаушы – Швециядан. Аккре­диттеуге ұсыныстардың келіп түсуіне қарай халықаралық байқаушылар жөніндегі деректер жаңартылмақ.

Орталық сайлау комиссиясы Халықаралық байқау институтын 2022 жылдың 22 қыркүйегінде ашты. Ол жұмысын 2022 жылғы 14 қарашада сағат 18:00-де аяқтайды.

Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысында 2022 жылғы 20 қара­шада Қазақстан Республи­касы Президентінің кезектен тыс сайлауында мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруі үшін жағдайларды қамтамасыз ету, «Қолжетімді орта», «Интерактивті қолжетімділік картасы» порталында сайлау учаскелері туралы мәліметтерді өзектендіру, сондай-ақ мүгедектігі бар сай­лау­шылардың дауыс беруі үшін жағдайларды қам­тамасыз ету бойынша қабыл­данып жатқан қосымша шаралар қаралды.

2017 жылдан бастап Ортсай­лауком жанынан мүгедектігі бар адамдардың  сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұ­мыс тобы тіркелген. Биыл мүге­дектігі бар азаматтардың құқық­тарын қорғау жөніндегі бедел­ді республикалық және өңір­лік бірлестіктер өкілдері есебі­нен жұмыс тобының құрамы жаңар­тылды және жұмыс форматы жетіл­дірілді. Жұмыс тобының 19 мүше­сінің 17-сі 11 облыстың, респуб­ликалық маңызы бар қала­лар­дың және астананың мүге­дек­тігі бар адамдардың қоғам­дық бірлестік өкілдері.

Мүгедектігі бар адамдар­дың сайлау құқығын қамтама­сыз етудің жаңа қолдау тәсілдері – сурдоаударма, арнайы трафареттер, тегін инватакси, үйде дауыс беру, пандустар, тактильді көрсеткіштер және т.б. кіреді. 2021 жылдан бастап Ортсайлауком отырыстарының трансляциясы және ақпараттық бейнематериалдар сурдоаудармамен қамтамасыз етіледі. Орталық сайлау комиссиясының сайтында «Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтары» бөлімі жүр­гізіледі. Онда мүмкіндігі шек­теулі азаматтарға арналған ақпа­рат­­тық материалдар: Брайль шриф­тінің элементтері бар аудио, бейнеролик, ақпараттық мате­риал орналастырылады. Жұмыс тобының мүшелері мүге­дектігі бар адамдардың сайлау құ­қық­тарын қамтамасыз ету мәсе­ле­лері бойынша семинар өт­кізеді. Зағип және нашар көре­тін сайлаушылар үшін Брайль шриф­тін пайдаланып сайлау бюлле­тенін толтыру үшін трафарет да­йын­дау көзделген. Жұмыс тобы­ның мүшелері мүгедектігі бар адам­дардың дауыс беруі үшін бар­­лық жағдайды қамтамасыз ету жө­нін­дегі учаскелік сайлау ко­мис­сия­ларының мүшелеріне ар­нал­ған Жадынама жобасын дайындады.

Отырыс барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов «Қолжетімді орта» «Интерактивті қолжетімділік картасы» порталында сайлау учаскелері туралы мәліметтерді өзектендіру бо­йынша Министрліктің жүргізіп жатқан жұмысы туралы баяндады.