• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Хоккей 01 Қараша, 2022

«Жұлдыздар матчына» қатысады

196 рет
көрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елорданың «Барысы» сапында өнер көрсететін Линден Вей ҚХЛ жұлдыздарының матчына қатысатын болды.

 

Канадалық хоккейші Чернышев дивизио­нының құрамында мұзайдынға шығады. Биылғы маусымда «Барыстың» капитанына айналған Вей 23 матч өткізіп, 17 (11+6) ұпай олжалап үлгерді. Осы нәтижесінің арқасында ол тек «Барыстың» ғана емес, ҚХЛ-дың сұрмергендер көшіне қосылды. Тағы бір айта кетерлігі, Линден Вей осымен екінші рет тұрақты біріншіліктің «Жұлдыздар матчына» қатысу мүмкіндігін алып отыр. Ең алғаш рет ол 2018 жылы Астанада өткен «Жұлдыздар матчында» мұзайдынға шыққан болатын.

Айта кетейік, биылғы «Жұлдыздар матчы» желтоқсан айында Ресейдің Челябі қаласында өтеді деп жоспарланған.