• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Қараша, 2022

Қазақстандықтар жиі ақша жіберетін елдер анықталды

422 рет
көрсетілді

Биыл қаңтар-тамыз айларында Қазақстаннан шетелге халықаралық ақша аудару жүйесі арқылы 685,8 млрд теңге жөнелтілді. Бұл былтырғымен салыстырғанда 6,4 пайызға артық, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ranking.kz. мәліметінше, транзакция саны 2,7%-ға азайып, 1,6 млн-ды құрады. Нәтижесінде бір аударым бойынша орташа чек 9,4%-ға өсіп, 418,9 мың теңгені құрады.

2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында ААЖ арқылы шетелге аударымдар көлемінің 70%-дан сәл астамы тек үш елдің үлесіне тиді – Өзбекстан (201,7 млрд теңге), Түркия (163,6 млрд теңге) және Ресей (117,3 млрд теңге). Сондай-ақ Қырғызстанға (62,5 млрд теңге) және Грузияға (50,6 млрд теңге) айтарлықтай көлемде ақша аударылды.

Қазақстаннан шетелге аударымдардың көп бөлігі доллармен жүзеге асырылады: 2021 жылға аударымдардағы доллардың орташа айлық үлесі 78,2%-ды құраған, ал биылғы 8 айда ол 73,7%-ға төмендеді.

Бұл ретте, қаңтар-наурызда шетелге аударылған қаражаттың жалпы көлеміндегі долларлық аударымдардың үлесі 82,3%-84%-ды құраса, кейін көрсеткіш айтарлықтай төмендеп, тамызда 68,5%-ды, ал шілдеде тек 58,4%-ды құраған. 

Қазақстаннан шетелге ұлттық валютадағы аударымдар үлесі керісінше өскен. Мысалы, тамызда теңгелік трансферттер аударылған қаражаттың 21,2%-ын құраса, биыл теңгенің ең көп үлесі шілдеде – 28,1%-ды құрады. 2021 жылы орташа есеппен теңге ай сайын жіберілген ақша сомасының 9,5%-ын құрады.

Биыл Қазақстаннан шетелге Ресей рубліндегі аударымдардың ең үлкен үлесі маусым айында тіркелген - 19,9%. Бұл 2021 жылғы орташа көрсеткіштен жоғары, ол кезде көрсеткіш 11% болған еді. Алайда тамызға қарай рубльдегі аударымдардың үлесі әдеттегі 10%-ға дейін төмендеді.

Сондай-ақ айтарлықтай аударым көлемі Contact (82,8 млрд теңге) және Western Union (42,1 млрд теңге) компанияларына да тиесілі.