Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Малайзия Премьер-министрі Наджиб Тун Разак Қазақ ұлттық өнер университетінің есеп беру концертін көрді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Концертте ҚазҰӨУ-дің мектеп оқушылары мен дүниежүзіне табысты гастрольдік сапармен шығып жүрген студенттік ұжымдары әлемдік музыка өнері классиктері мен қазақ халық композиторларының шығармаларын орындады.
Сонымен қатар, университет ректоры, Қазақстан Республикасының халық әртісі А.Мұсақожаева мәртебелі қонақтарды халықаралық конкурстарда жүлделі орындар алып жүрген студенттердің және оқытушылардың көрмеге қойылған жұмыстарымен таныстырды.