• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Мамыр, 2014

Еуразиялық одақ қуаты елдердің бірыңғай нарығын нығаяды

267 рет
көрсетілді

АСТАНА. 27 мамыр. Еуразиялық одақтың экономикалық қуаты оған қатысушы елдердің бірыңғай нарығын нығайтады. Ал сол одақтың негізін қалаушы Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттері арасында жасалатын келісімшартқа қол қою рәсімі осы аптаның соңында Астанада өтеді деп күтілуде. Бұл туралы Primeminister.kz сайтына берген сұхбатында Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымының университеттік лига президенті Михаил Федоров әңгімелеп берді. - Михаил Васильевич, таяуда Астанада өткен VII экономикалық форумға қатысушылар өз сөздерінде экономикалық және саяси координаттардың жаһандық жүйесіндегі өзгерістері туралы жиі мәселе көтерді. Онда әлемдік экономиканың негізгі сұранысы мен өсімі дамушы нарықтарға тиесілі екені айтылды. Осы тұрғыдан келгенде, Еуразиялық экономикалық одақты даму перспективалары қандай болмақ? ЕАЭО шеңберіндегі интеграция қандай мүмкндіктер мен нәтижелер береді? - ЕАЭО перспективасы бірыңғай нарық қалыптастыру тұрғысынан аса маңызды болып табылады. Бұл бір күндік үдеріс емес, өнеркәсіп пен АӨК бүгін толық әзірленуде, біздің одақта, сондай-ақ үшінші елдермен серіктестікте тиімді болатын бос тауаша іздеу жүргізілуде. ЕАЭО келісім-шарты біздің елдердің бизнесі үшін ынтымақстастықтың қосымша мүмкіндіктерін береді, Алматыда 2025 жылға қарай сәйкес инфрақұрылымды, электр энергетикасы секторында, фармацевтика сферасында 2025 жылға қарай Алматыда сәйкес инфрақұрылымды қалыптастыра отырып, қаржы сферасында бірыңғай нарықты қалыптастыру туралы сөз қозғалды. Бірыңғай нарық – бұл сәйкес мобильді еңбек ресурстары, түрлі салалардағы жалпы тауар айналымы, әрине бұл экономика драйві, өйткені ол арқылы қосымша табыс табуға болады. Барлық осы үдеріс сәйкесінше көптеген бағыттар бойынша бірлескен жұмысты қарастырады, жаңа келісім-шарт негізінде нағыз толық масштабты интеграция үдерісі енді басталды, біз теориядан практикаға көшеміз. Бүгінде кедергілерді жоюды жоспарлап отырмыз, менің ойымша, бұл үлкен плюс. - Сіздің пікіріңізше, ЕАЭО кеңейту перспективалары қандай? - Одақты кеңейтуге алғышарттар кез келген интеграциялық бірлестіктерде бар екені белгілі. Бүгінде біз бұрынғы Кеңес Одағы елдері туралы сөз етіп отырмыз, олар бүгінде экономиканың дамуында жеткілікті тең мүмкіндіктер алып отыр, бұл, әрине, олардың басын біріктіреді. Бұған 20 жыл бұрын біріккен және бөлінген елдеріміздің сақталған тарихи менталитеті көмектеседі. Менің ойымша, инфрақұрылымды қалыптастырумен байланысты мәселелер бүгінде тарихи тамырларға ие және бұрынғы Кеңес Одағын ескере отырып қалыптастырылған. Бірыңғай экономикалық кеңістік қалыптастыру тұрғысынан кеңейту туралы сөз қозғайтын болсақ, Армения мен Қырғызстан сияқты елдерді қосу жөнінде айтуға болады. Қырғызстанда бірлесуге ынта жоғары. Меніңше, одаққа Тәжікстан секілді басқа да елдердің қатысуы туралы айтуға болады. Географиялық кеңейту тұрғысынан бұл үдеріс қайтарымсыз болып көрінеді. Бүгінде еуразиялық кеңістігі бар бірыңғай инфрақұрылым қалыптастыру бойынша шаралар қолданылуда. Экономикалық қуатты нығайту әзірге ЕАЭО кірмейтін, бірақ экономика саласында өзара әрекет тұрғысынан жақсы қарым-қатынас қалыптасқан елдермен интеграцияны болжайды. Бұл тізімде бірінші орынға еуразиялық кеңістіктегі экономикалық дамудың драйвері болып табылатын Қытайды қоюға болады.  - ЕАЭО ДСҰ, ЕО және басқалары сияқты ықпалды одақ бола ала ма? - Меніңше, бұл экономикалық кеңістіктің жаңа серпінге алуы үшін керекті барлық негіз бар. Еуропалық одаққа қосылған елдерге қарағанда, ЕАЭО-тың кедергілер саны аз. Бұл, біріншіден, тарихи себептермен байланысты. Екіншіден, бүгінде біздің мемлекет пайдаланатын инфрақұрылым бұрынғы Кеңес Одағының инфрақұрылымы екенін түсінуіміз қажет. Мұның бір артықшылығы сол, біз біріктіруші факторларды пайдаланатын боламыз. Бұл экономикалық одақтың дамуы үшін қандай да бір жаңа инфрақұрылымдық жобаларды құрудың қажеті жоқ. ЕАЭО-тың әлем кеңістігіндегі басқа да бірлестіктер алдындағы үлкен артықшылығы осы деп есептеймін. Мұрат Айтқожа. Дереккөз: Primeminister.kz. Фото: forbes.kz.