• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Қараша, 2022

Кәсіптік білім беруде проблемалар бар – Сенатор

5688 рет
көрсетілді

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары «Денсаулық сақтауда ғылымның, білімнің және клиникалық практиканың біртұтастығы: жай-күйі, проблемалары және шешу жолдары» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел отырысын өткізді, деп хабарлайды 

Комитет төрағасы Нариман Төреғалиев дөңгелек үстел Президенттің «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында өтіп жатқанын атап өтті.

«Кездесуіміздің негізгі мақсаты – еліміздегі денсаулық сақтау саласындағы ғылым, білім және емдеу тәжірибесін дамытудың қазіргі жағдайы мен өзекті мәселелерін талқылау. Медицина дамуының қазіргі кезеңінде кәсіптік білім беруде проблемалар бар екені анық. Мемлекет басшысы денсаулық сақтау жүйесіне кадрлар даярлау мәселесінің маңыздылығына ерекше назар аударып отыр, өйткені дәрігерлерді даярлау сапасы мемлекеттік саясаттың маңызды басымдығы саналады», деп атап өтті сенатор.

Отырысқа қатысушылар дәрігерлерді оқыту мен біліктілігін арттыруға назар аудара отырып, денсаулық сақтау саласының негізгі проблемалық мәселелерін талқылады. Денсаулық сақтау, сондай-ақ ғылым және жоғары білім министрлерінің орынбасарлары, университеттердің ректорлары саланы дамыту туралы өз ойларын ортаға салды. Денсаулық сақтау саласының мемлекеттік органдары мен мүдделі үкіметтік емес ұйымдардың бәрі кездесуге қатысты.

Нариман Төреғалиев дөңгелек үстелді қорытындылай келіп, талқылауға  белсенді қатысқандарға алғыс білдірді және кездесу барысында көтерілген барлық ұсыныстар қарастырылатынын атап өтті. Сенатор бұл проблемалық мәселелер Үкіметтің жоспарланған сағатында да қаралатынын айтты.