• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Елорда 02 Қараша, 2022

Астанада велосипед маусымы аяқталды

294 рет
көрсетілді

Астанада «Velobike» велопрокатының велосипед маусымы 15 сәуірден 31 қазанға дейін созылды. Биыл жаңа пайдаланушылар саны 93%-ға өсіп, 10 мың адамға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz CTS-ке сілтеме жасап.

Биылғы велосипед маусымында астаналықтар 8000-нан астам абонемент сатып алды. 500 000-ға жуық прокат жасалды.

Сонымен қатар велосипед маусымы басталғаннан бері велошеринг қолданушылары жалпы қашықтықты 1 млн км-ден астам жүріп өткен.

«Қала тұрғындары мен қонақтары үшін 1000 велосипед пен 155 велостанция қолжетімді болды. Осы кезеңде бір қолданушы 8104 км жүре алды, бұл өткен жылғы рекордтан 8% артық. Ең белсенді велошерушілер мамыр мен маусым айларында болды – жүрілген жолдың жалпы километрі ай сайын шамамен 219 500 км құрады», деп жазылған хабарламада.