• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 03 Қараша, 2022

Бурабай көлдеріне 60 мыңдай шабақ жіберілді

272 рет
көрсетілді

Президент Іс Басқармасына қарасты «Бурабай» МҰТП мамандары Шортанды, Бурабай және Үлкен Шабақты көлдеріне 60 мыңға жуық тұқы шабағын жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық парктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әр шабақтың орташа салмағы 25 грамды құрайды. Алты ай ішінде жетілген балықтардың суықта салмағы азайғанымен, қысты жақсы өткізеді.

«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-ның аумақтық филиалы Ұлттық парк көлдеріне қандай балық түрін жіберуді айқындайды.

«Біз ұлттық парк аумағындағы су айдындарына балық жіберуді берілген ұсынымдарға сәйкес тұрақты негізде жүргіземіз. 2010-2019 жылдар аралығында көлдерге 477 мың тұқы шабағы мен 19 миллионнан астам ақ балық тұымдас рипус пен пелядтің майшабақтарын жібердік. Кейін пандемияға байланысты жұмыс уақытша тоқтатылған-ды. Биыл қайта қолға алып, парктегі ең үлкен үш көлді тұқы балығымен толтырдық», деді «Бурабай» МҰТП инженер-ихтиологы Максим Пак.

Тұқы - «Бурабай» МҰТП көлдерінің ихтиофаунасына бейімделген бағалы балық түрі. Ғылыми қызметкерлердің пікірінше, оның көбейгені көлдердің экожүйесіне жағымды әсер етеді.

Балықшылар тұқы аулауға ерекше құмар екенін де айта кеткен жөн. Айдынға үнемі шабақ жіберіліп, балық аулау барысын үнемі бақылауда ұстап отырса, көлдердің биосферасына зиян келмейді.