• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Қараша, 2022

Сенат «Прокуратура туралы» заңды қабылдады

566 рет
көрсетілді

Сенат депутаттары палатаның жалпы отырысында «Прокуратура туралы» заңды қабылдады. Құжат Мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құжатты ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев ұсынды. Оның айтуынша, заң жобасының негізгі мақсаты - прокуратураның құқық қорғау қызметін жүйелі түрде күшейту, елдегі жоғары қадағалау мен заңдылық құралдарын нығайту.

Сенаттың бейіндік комитетінің қорытындысында заң жобасының ережелері прокуратура органдарының құзыретін, қызметін ұйымдастыру мен тәртібін айқындайды:

прокуратура органдары қызметінің құқықтық негізі және олардың құрылымы; прокуратура органдарының қызметі мен ұйымдастыру қағидаттары; прокурорлардың өкілеттіктері; жоғары қадағалаудың, мемлекет мүдделерін сотта ұсынудың, қылмыстық қудалаудың, өтініштерді қараудың шектері мен нысандары; прокурорлар қызметінің құқықтық кепілдіктері.

Заң жобасы аясында Бас прокуратура өз құзыретіндегі мәселелер бойынша мемлекеттің мүдделерін шетелдік және халықаралық соттарда (төреліктерде) білдіреді.

Прокурорлардың қадағалау функцияларын күшейту мақсатында прокурорлық қадағалаудың жаңа актісі – заң бұзушылықтарға жол бермеу туралы түсіндіру енгізілді.

«Прокуратура туралы» Конституциялық Заң Республикалық референдумның қорытындылары бойынша Конституцияға енгізілген өзгерістерді іске асыру мақсатында әзірленді. Прокуратураның негізгі міндеттері - адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылықтары ретінде қорғау, сондай-ақ ел аумағында заңдылықты қамтамасыз ету. Прокуратура органдарының қызметі алғаш рет Конституциялық заңмен реттелетінін атап өткен жөн. Бұл қадам елдің құқық қорғау жүйесін жетілдіруге маңызды үлес қосады деп үміттенеміз», деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.