Әділет министрі Қанат Мусин ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы заңға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Тұңғыш Президенттің мәртебесі туралы заңға келетін болсақ, Конституциядан Елбасына қатысты барлық нормалар алынып тасталды. Өйткені Тұңғыш Президент туралы және оған сілтеме жасайтын нормалар басқа заңдарда да кездеседі», деді Қанат Мусин Сенаттың жалпы отырысында.
Оның айтуынша, мұндай заңдар саны оннан асады.
«Бұл жұмыс біраз уақытты қажет етеді, талдау жұмыстары жүргізілгеннен кейін тиісті шешім қабылданады. Уақыт өте келе ол орындалады. Жұмысты бейінді мемлекеттік органдар жүргізеді, олардың заңдарында осындай ескертулер бар. Заң Парламентке әлі берілген жоқ», деп атап өтті министр.