Hytera Communications (SZSE: 002583) – коммуникациялық технологиялар саласындағы кәсіби шешімдердің жетекші әлемдік жеткізушісі 2022 жылдың 19-20 қазанда Ташкентте өткен Downstream Central Asia & Caspian Conference (DCACC) 9-шы конференциясына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еске салсақ, DCACC Орталық Азиядағы мұнай өңдеу және мұнай-химия секторларына арналған жалғыз аймақтық іс-шара болып табылады. Конференция мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларында пайдалы және тиімді іскерлік байланыстарды орнатуға және дамытуға мүдделі компаниялар үшін платформа және кездесу орны ретінде қызмет етеді.
Іс-шараның ресми телекоммуникациялық серіктесі ретінде Hytera өңдеу және өткізу секторын цифрлық трансформациялау туралы өзінің сараптамалық пікірімен бөлісті. Сондай-ақ қатысушыларға басқару және диспетчерлеу, интеллектуалды мониторинг, техникалық қызмет көрсету, қашықтан басқару, телесигнализация және т. б. сияқты салаларда цифрлық технологиялар арқылы саланың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған мұнай-газ шешімдерінің кешенді желісін ұсынды.
«Рентабельділікті арттыру мен тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін автоматтандыруды, деректерді кеңейтілген талдауды және модельдеуді, сондай-ақ тартылған жұмысшыларды біріктіретін бірыңғай платформаның болуы — қайта өңдеу және сату секторы үшін негізгі фактор болып табылады», деді конференцияда сөз алған Hytera компаниясының аға сату инженері Кирилл Осипов.
«Әлемдік мұнай-газ кәсіпорындарына қызмет көрсетуде көп жылдық тәжірибесі бар компания ретінде біз байланыс пен ынтымақтастық процестерін жеңілдететін, персонал мен әртүрлі мүліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, жұмыс тиімділігін арттыруға және шығындарды азайтуға ықпал ететін осындай бірыңғай платформаны ұсына алатын санаулы компаниялардың бірі екенімізді мақтан тұтамыз», деп атап өтті Кирилл Осипов.
Hytera компаниясының әлемді қауіпсіз етуге және тиімдірек шешімдерді ұсынуға бағытталған негізгі миссиясына сәйкес, тек мұнай-газ саласында компанияның инновациялық өнімдері мен шешімдері бүкіл әлем бойынша Saudi Aramco, CNPC, SNPC, Shell, Molycorp, Pemex және т.б. тұтынушылар арасында үлкен сұранысқа ие.