• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Қараша, 2022

Пәкістанның бұрынғы премьер-министріне оқ атылды

282 рет
көрсетілді

Пәкістанның солтүстік-шығысындағы Лахор қаласынан 150 км қашықтықта бұрынғы премьер-министрі Имран Ханның автоколоннасына оқ атылды, деп хабарлайды Egemen.kz BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Имран Хан Исламабад қаласында өткен наразылық шеруін басқарған. Экс-премьер елде кезектен тыс президент сайлайын өткізуді талап еткен еді. 

Атыс салдарынан тағы төрт адам жарақат алғаны қоса хабарланды.

«Шабуылдаушылардың біріне оқ тиді, алдын ала ақпарат бойынша ол мерт болды. Полиция тағы бір адамды ұстады», деді бұрынғы премьер-министрдің көмекшісі Рауф Хасан.

Оның айтуынша, оқ көпшіліктің арасынан атылған.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, 70 жастағы саясаткер Лахордағы ауруханаға жеткізілді.